USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Бейсенбі күні ауа райы қандай болады

2021 жылғы 2 желтоқсан 06:31
Бөлісіңіз:
Бейсенбі күні ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 2 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Бүгін Павлодарда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады Жаңақорған кентінің көшелерін толассыз жаңбыр суы басып қалды 19 қаңтар. Қазгидрометтің күн райына жасаған болжамы

Солтүстік-батыс циклон ҚР батыс өңірлері арқылы жылжып, жауын-шашын, жаңбыр мен қар түрінде, көктайғақ және жаяу бұрқасын алып келеді.

Республиканың шығысында мен оңтүстік-шығысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде жел жоғары жылдамдықпен соғады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аудандарында – жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Алматы облысының Алакөл көлдерінің ауданында жел 18-23, екпіні 28 м/с күшейеді. Қарағанды облысының батыс жартысында жел 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз - көктайғақ, облыстың оңтүстігінде – тұман.

Шығыс Қазақстан облысының батысында-жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшейюі 15-20 м/с күтіледі, түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады.

Павлодар облысының оңтүстігінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының орталығында тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ, түнде облыстың батысында жел 15-20 м/с күтіледі. Атырау облысының солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болып, түнде облыстың батысында, орталығында жел 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстік жартысында көктайғақ болжанады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT