Бейсенбі күнгі ауа райы болжамы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 8 желтоқсандағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарт.

Қазақстанның басым бөлігінде бұрынғыша ауқымды антициклон әсер етеді. Соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа күтіледі.

Тек елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар жауады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында - қалың қар, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді.

Оңтүстігінде-көктайғақ, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында – тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз қалың қар жауады.


Соңғы жаңалықтар