Бейсен Құранбектің бейнесі Талдықорғандағы көпқабатты үйдің қабырғасына салынып жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Танымал журналист Бейсен Құранбектің бейнесі Талдықорғандағы көпқабатты үйдің қабырғасына салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құдай қаласа «Жетісу« арнасының қапталындағы үйдің іргесінде Бейсен достың бейнесі жымиып тұратын болады!», - деп жазды Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының директоры Серік Әбікенұлы Facebook -тегі парақшасында.

Көрерменнің сүйіктісіне айналып, әр қазақтың жүрегіне мейірім ұялата білген журналистің бейнесін Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасы салдыртып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 18 мамырда 49 жастағы танымал журналист Бейсен Құранбек өмірден озды.



Соңғы жаңалықтар