Бейруттағы жарылыстан Қазақстан консулы жарақат алды

None
None
БЕЙРУТ. ҚазАқпарат – Бейруттағы жарылыс кезінде Ливандағы ҚР дипломатиялық миссиясының консулы жеңіл жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап.

«Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс орнынан кетіп қалған. Консул жұмыста қалған болатын және жарылыс толқыны салдарынан жеңіл жарақат алды», - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, Ливандағы жарылыс салдарынан Қазақстанның дипломатиялық миссиясы ғимаратына зиян келді.

Ливандағы қазақстандық дипломаттардың ақпараты бойынша, ағымдағы жылғы 4 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында Бейруттағы теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болды. Жақын маңда орналасқан үйлерде, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттарда терезелері шағылды.

Алдын ала мәліметке қарағанда, Бейруттағы жарылыстан 10 адам мерт болып, жарақат алғандар саны 100-ден асты.



Соңғы жаңалықтар