+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Бейруттағы жарылыстан қаза тапқандар саны 137 адамға жетті

2020 жылғы 6 тамыз 08:43
Бөлісіңіз:
Бейруттағы жарылыстан қаза тапқандар саны 137 адамға жетті

БЕЙРУТ. Al JAZEERA.​​​​​​-ҚазАқпарат. – Бейруттағы жарылыстан қаза тапқандар саны 137 адамға жетті. Бұл туралы Ливанның Денсаулдық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Al Jazeera​​​​​ телеарнасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда атыс кезінде қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетіледі Алматыда сот орындаушыларына оқ атқан адамды ұстау сәтінің видеосы пайда болды Атырауда екі қабатты мансардты үй өртеніп кетті

Агенттіктің хабарлауынша, зардап шеккендер саны 5 мыңға жеткен. Ондаған адам хабар-ошарсыз кеткен.

Бұған дейін 135 адамның қайтыс болғаны туралы хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, Бейрут теңіз портының қоймасында сейсенбі күні жойқын жарылыс болған еді.

Ливан ІІМ мәліметі бойынша бұдан алты жыл бұрын кеден қызметтері тәркілеген қоймада сақталған 2,7 мың тоннадан астам аммиак селитрасының дәнекерлеу жұмыстары барысында жануы себеп болған.

Жарылыс толқыны ондаған үйлерді, автокөліктерді қиратып, жойған. Ел астанасының көптеген аудандарында үйлердің әйнектері сынған. 300 мыңнан астам адам баспанасыз қалды.

Айта кетейік, осыған дейін Бейруттағы жарылыстан қаза болғандар саны 113 адамға жеткені хабарланды.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Біржанқызы Сабина

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT