+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Бейрут губернаторы: жарылыс шығыны 3-5 млрд долларды құрады

2020 жылғы 5 тамыз 15:49
Бөлісіңіз:
Бейрут губернаторы: жарылыс шығыны 3-5 млрд долларды құрады

БЕЙРУТ. ҚазАқпарат – Бейрут губернаторы Марван Аббуд сейсенбі күні портта болған жарылыстың шығыны 3-5 млрд долларды құрағанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат LBC телеарнасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында оқушы қызды ұялы телефоннан қалай тоқ соққанын әкесі айтып берді Әйелдің басын таспен ұрған: Алматы облысында тапа-тал түсте адам тонаған күдікті ұсталды Нұр-Сұлтанда тапа-тал түсте бейтаныс адамды тонап кеткен әйел ұсталды

Аббудтың айтуынша, оқиға орнына жіберілген 10 өрт сөндіруші мерт болған. Сонымен қатар, жүздеген қала тұрғыны баспанасыз қалды.

Қуатты жарылыс Бейрут порты маңында, Ливан ӘТК базасына жақын жерде болды. Жарылыс толқыны ондаған үй мен автокөлікті қиратты, ел астанасының көп бөлігіндегі ғимараттардың терезесі сынған. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметі бойынша, 2015 жылы кеден қызметі тәркілеп, қоймада сақталып тұрған 2,7 мың тонна аммиак селитрасының детонациясы жарылысқа себеп болған.

Кейінгі мәліметтер бойынша, 100-ден астам адам қаза тауып, 4 мыңнан астам тұрғын зардап шекті. Елде аза тұту күні жарияланды. Апат аймағы деп танылған Бейрутта екі апталық төтенше жағдай режимі енгізілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT