Бейпартиялық байқаушылар тарапынан ешқандай бұзушылық болған жоқ - Бану Нұрғазиева

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сайлау кезінде байқаушылар өздерінің кәсіби шеберлігін, жауапкершілігін, біліктілігін көрсетті. Бұл туралы брифингте Сайлауды бейпартиялық байқау орталығының басшысы Бану Нұрғазиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлауды бейпартиялық байқау орталығы тұңғыш рет қоғамдық институт ретінде құрылып, сайлау процесін бақылаудың ахуалдық орталығы ретінде қызмет етті. Біздің орталық алаңында әртүрлі ресурстар: Қазақстанның Азаматтық Альянсы, ҚР Кәсіподақтар Федерациясы және 130-дан астам үкіметтік емес ұйымдар біріктірілді. Жалпы, біздің байқаушылардың пікірі бойынша: байқаушыларымыз өздерінің кәсіби шеберлігін, жауапкершілігін, біліктілігін көрсетті. Ең бастысы бейпартиялық байқаушылар тарапынан ешқандай бұзушылық болған жоқ. Олардың барлығы сайлау учаскелеріне алдын-ала келіп, өз орындарына жайғасты. Сайлау процесіне қатысушының әрқайсысы өзінің құзыреттілігі мен кәсібилігін көрсетті», - дейді Бану Нұрғазиева.

Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдайға қарамастан сайлауға қатысушылар саны көп болды.

«Жалпы алғанда, Бейпартиялық байқау орталығы заңмен бекітілген 11 бұзушылықты тіркеді. олардың басым бөлігі таза техникалық сипатта болғанын және жергілікті жерлердегі сайлау комиссияларының мүшелерімен жедел жойылғанын атап өткен жөн», - дейді ол.

Бейпартиялық байқау орталығының басшысы келтірген мысалдарға келетін болсақ, Петропавлда сайлау учаскесінен фотосуреттер мен бейнежазбаларды эфирге шығарғаны үшін байқаушылардың бірі сайлау учаскесінен шығарылды, себебі олай етуге заңмен тыйым салынған. Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында масаң күйдегі азамат дауыс бер парағын жәшікке салғаннан кейін жәшікті сындырып тастаған.

«Шымкентте сайлауға қатысушы дауыс беретін жәшікті шатастырып, дауыс беретін жәшіктің қасында тұрған басқа жәшікке салып қойған. Ақтөбеде саулау процесін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салған. Бұлай етуге заңмен тыйым салынады. Кейбір азамат сайлау учаскесіне өздерін сайлау комиссиясы мүшесі немесе байқаушы ретінде таныстырып кірген. Сөйте тұра құжаттарын көрсетуден бас тартып, сайлау учаскесіне кіріп кеткілері келген. Оралда бір байқаушы сайлау комиссиясына агрессия көрсеткені үшін сайлау учаскесінен шығарылған. ПТР тест нәтижесі болмағандықтан кейбір байқаушылар сайлау учаскесіне кіргізілмеген», - дейді Бану Нұрғазиева.

Сондай-ақ, ол сайлау процесіне қатысқандарға алғыс айтты.

«Сайлау процесінің мониторингіне қатысқан барлық бейпартиялық байқаушыларға дауыс беру рәсімін бақылау мәселелеріндегі жоғары азаматтық жауапкершілігі мен құзыреттілігі үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар