Бейнеуден Нүкіске баратын жол биыл пайдалануға беріледі

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан республикасының шекарасы» тас жолын қалпына келтіру жұмыстары 2019 жылдың соңына шейін аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасап.

Қалпына келтіріп жатқан «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан республикасының шекарасы» тас жолының 0-85 шақырымы аралығындағы жұмыстар алаңына Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов барды.

Жұмыс сапарының барысында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Ербол Омаров Маңғыстау облысында 2018 жылы республикалық маңызы бар жолдарды қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндап, 2019 жылдың жоспарларымен бөлісті.

«Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан республикасының шекарасы» (Нүкіске баратын) республикалық маңызы бар автомобиль жолы маңызды көлік-инфрақұрылымдық нысан болып табылады. Ол Құрықтан басқа елдерге көлікпен жүк тасымалдауға мүмкіндік береді. Екінші дәрежелі жолдың ұзақтығы - 85 шақырым, ол Өзбекстан шекарасынан басталып, Бейнеу ауылы арқылы өтеді.

2018 жылдың қорытындысы бойынша коммуникацияларды қайта құру, жолды төсеу, су өткізуші құбырлар, дизель электрлі құрылғыларды орнату жұмыстары жүргізілген. Оған 237 техника, 471 қызметкер жұмылдырылған. Күре жолдың аталған бөлігінде көлік өте көп жүреді, сондықтан олардың кедергісіз жедел өтуін қамтамасыз ету маңызды.

Жобаға сәйкес, «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан республикасының шекарасы» тас жолын 2019 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, 2018 жылы тамыз айында Елбасы Құрық портындағы көлік хабын таныстыруға арналған шара аясында ұйымдастырылған телекөпір кезінде «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» жолының бірінші кезеңін ашуға рұқсат берген еді

Соңғы жаңалықтар