Бейнеуде көпбалалы ана жеңілдікпен несие алып, жылқы өсіруде

None
None
БЕЙНЕУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына қарасты Төлеп ауылының тұрғыны Тойгүл Аманқосқызы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 10 бас жылқы сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, әйел балаларын еңбекке баулып, ата кәсіпті жалғастыруды мақсат еткен отбасы кәсібінің нәсібін көріп отыр.

«Жыл басында мемлекет тарапынан ұсынылған бағдарламалардың бар екенін естідім. Сөйтіп мал шаруашылығын дамыту үшін 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында 4 пайыздық несиеге 10 бас жылқы алдым. Жолдасым темір жол саласында қызмет етеді. Мектеп жасындағы 6 ұлым бар. Олар қолдары бос уақытта жылқыларды суарып, жем-шөптерін беріп, баптайды. Қазір жылқының саны 17-ге жетті», - дейді Тойгүл Аманқосқызы.

Мал шаруашылығын қолға алған отбасы алдағы уақытта жылқының табиғи өнімдерін ауыл тұрғындарына ұсынуды жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар