Бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарының қызметі кеңейтіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандағы бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарының қызметтері қоныс аударушыларға да таралады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы таныстыру барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда қазіргі уақытта оралмандар үшін бейімдеу және ықпалдастыру бойынша 3 орталық бар. Олар Қарағанды, Шымкент қалаларында және Түркістан облысы Ақсукент ауылында орналасқан. Сонымен бірге, мұндай орталықтар Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасында орталықтардың құрылуына қарамастан, оралмандар мен қоныс аударушылардың қоныс аудару өңірлерінде (Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облысы) құрылмаған. Осыған орай, нормативтік құқықтық базаны алдын ала дайындау мақсатында, Орталықтардың бейімделу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету функцияларын оралмандарға ғана емес, қоныс аударушыларға да кеңейту ұсынылады», - деді вице министр.

Оның айтуынша, бүгінгі күні қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге азаматтардан өтініштер қабылдау құзыреті жергілікті атқарушы органдарға, атап айтқанда, жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармаларына жүктелген. Бірақ іс жүзінде барлық қоныс аударушылар жұмыспен қамту орталықтарына өтініш білдіреді. Сондықтан осы құзыретті жұмыспен қамту орталықтарына заңды түрде бекіту ұсынылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, заң жобасы аясында Қазақстанға қандастардың қоныс аударуы рәсімдері өзгертілмек.

Соңғы жаңалықтар