+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Бейімбет, Сәкен, Ілияс, Міржақыптардың шығармасын шет тіліне аудару керек - Олжас Сүлейменов

2019 жылғы 25 қыркүйек 13:29
Бөлісіңіз:
Бейімбет, Сәкен, Ілияс, Міржақыптардың шығармасын шет тіліне аудару керек  - Олжас Сүлейменов

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қазақ жазушыларының шығармаларын, оның ішінде Бейімбет, Сәкен, Ілияс, Міржақыптардың шығармасын шет тіліне аудару қажет. Бұл туралы Халықаралық жазушылар форумында Олжас Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның халық жазушысы Олжас Сүлейменовтің пікірінше,ағылшын тілі тек әлемдік байланыс, қарым-қатынас тілі ғана емес, жалпы әлемдік мәдениет тіліне де айналып отыр. Яғни жазушыны әлемге таныту ағылшын тілінен басталады деген сөз.

«Қазақстан өзінің ақын-жазушылармен мақтана алады. Бізде әдебиет саласы жақсы дамыған. Жазушылардың шығармаларына оқырмандар өз бағасын беріп жатыр. Біз мұнымен тоқтап қалмауымыз керек. Қазақ әдебиетін әлемге танытып, мойындату кезек күтірмейтін мәселе», - деді халықаралық жазушылар форумында Олжас Сүлейменов.

Олжас Сүлейменовтің айтуынша, шығарманы аудару оңай шаруа емес. Оған нағыз маманды, мықты аудармашыны тарту қажет.

«Қазір аударманың өзі бизнеске айналып кетті. Мемлекет қыруар қаржы бөледі. Тиісті мекеме тендер жариялайды. Ұтып алған компания аударады. Оны кім аударып жатыр, қалай аударып жатыр, мағынасы қандай, оған ешкім бас ауыртпайды. Олай болмайды. Аудармашы өз ісінің маманы болуы керек. Ол адам ақын-жазушының жылдар бойы төккен еңбегін бағалауы тиіс. Аударылған шығарма түпнұсқадан ауытқымауы керек. Мағынасын жоғалтпауы тиіс. Шет тіліне аударатын мамандар арнайы сатылардан, яғни байқаулардан өту керек деп ойлаймын»,- деді Олжас Сүлейменов.

Мемлекет және қоғам қайраткері, ең алдымен қандай ақын – жазушылардың шығармалары аударылуы керектігін атап өтті.

«Менің ойымша ең алдымен кімнің еңбегі аударылады соны анықтап алу қажет. Үш серияға бөліп тастауға болады. Біріншіден халық жауы деп атылып кеткен азаматтарымыздың шығармасын шет тіліне аударту біздің парызымыз. Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Міржақып Дулатовтарды айтып отырмын. Екінші кезекте кеңес кезіндегі жазушылардың еңбектері, содан кейін тәуелсіздік алған кездегі ақын-жазушыларымыздың шығармасын ұсынуымыз керек «, - деп қортындылады Олжас Сүлейменов.

Еске сала кетсек, Алматыда халықаралық жазушылар форумы өтіп жатыр. оған 18 мемлекеттен 81 делегат қатысуда

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Әдебиет,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT