«Бэйдоу-3» навигациялық жерсерігін ұшыру кейінге қалдырылды

None
None
СИЧАН. ҚазАқпарат – Қытайдың «Сичан» ғарыш айлағынан «Бэйдоу-3» үшінші буындағы навигациялық спутнигін ұшыру техникалық себептермен кейінге қалдырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» меншікті тілшісі.

Спутникті жермаңы орбитасына шығаруы тиіс болған «Ұлы сапар-3Б» зымыран-тасығышын старт алдында сынақтан өткізу кезінде техникалық проблемалар анықталды. Ұшыру миссиясы кейінге қалдырылды.

«Бэйдоу» навигациялық жүйесінің соңғы жерсерігі ұшырылатын күннен кері есеп басталғанын Қытайдың спутниктік навигация жүйелері ісі жөніндегі кеңседен өткен жексенбі күні мәлім еткен болатын.

Спутникті ұшыру уақыты сейсенбі - 16 маусым, Бейжің уақытымен сағат 10:11-ден 10:50-ге дейін белгіленген еді.

Еске салайық, Қытайдың «Бэйдоу» навигация жүйесі үш кезеңде жүзеге асырылды. 2000 жылы Қытай аумағын қамтитын «Бэйдоу-1» жүйесінің бір бөлігі құрастырылды. 2012 жылы Азия-Тынық мұхиты аймағын қамтитын «Бэйдоу-2», 2020 жылы жаһандық навигациялық топты қамтитын «Бэйдоу-3» қолға алынды. «Бэйдоу-3» жүйесінде 30 жерсерік бар, оның 29-ы бүгінге дейін Жер айналасына орбитаға шығарылды.


Соңғы жаңалықтар