Бейбітшілікті сақтауда қазақ ұлтына зор міндет жүктеледі - Гүлбақша Мұсабаева

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Елдегі бейбітшілікті сақтап, нығайтуда алдымен қазақ ұлты өзіне зор міндет артылатынын түсінуі қажет. Бұл туралы СҚО-дағы «Urpaq» қазақ мәдени-ағарту орталығының төрағасы Гүлбақша Мұсабаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Гүлбақша Нұрмұқанқызы СҚО делегация құрамында ҚХА-ның XХVII сессиясына барады.

«Urpaq» қазақ мәдени-ағарту орталығы Петропавлда 2004 жылы ашылған болатын. Мақсаты - қазақтың мәдениеті, салт-дәстүрі, тарихымен байланысты рухани құндылықтарды сақтап, дамыту. Елдегі жалпыұлттық бірлік пен келісімді нығайтуға үлес қосу.

Гүлбақша Мұсабаеваның айтуынша, «Urpaq» қазақ мәдени-ағарту орталығының басты идеяларының бірі -мәдени-туристік және имидждік «Этноауыл» жобасын жүзеге асыру. Бұл жоба республикалық деңгейде қолдау тауып, кейін соның негізінде ЕХРО - 2017 қалашығында «Этноауыл» құрылған болатын.

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өткелі отырған ҚХА-ның XХVII сессиясына Гүлбақша Мұсабаева да барады. Оның айтуынша, жиын биыл да мазмұнды болмақ. Ерекшелігі - сессияда алғаш рет жастар мәселелері көтерілмек. Сондай-ақ Өзбекстанда Қазақстан мәдениетінің жылы болғандықтан көрші мемлекеттен қонақтар қатысады.

«Қазақстан халқы Ассамблеясында еңбек ете жүріп түсінгенім, Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық этностардың бірлігінің түп тамыры ең алдымен қазақтардың ынтымаққа негізделген ісі мен сөзіне байланысты. Сондықтан бізге артылған жауапкершілік зор. Біз елдегі бейбітшілікті және мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін сақтап, нығайтуда басқаларға үлгі болуымыз қажет», - дейді Гүлбақша Нұрмақанқызы.

Орталық директоры өз кезегінде Қазақстанның беделін арттырып, халықтар достығын нығайтуға өзіндік үлес қосқан Ассамблея ардагерлеріне алғысын жеткізді.

null

Соңғы жаңалықтар