Бейбітшілік және келісім сарайында Елбасының қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезі басталды

None
None
денің 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов / - Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер  басшыларының ІІІ съезі  басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Съезді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  ашты. Алқалы жиынға Дүниежүзілік   ислам лигасының Бас  хатшысы    Шейх Абдалла Бен Әбдел Мухсина Әт-Түрки,   Израиль  Мемлекетінің   Президенті Шимон Перес,    Сауд  Арабиясы Корольдігі  Консультативтік   кеңесінің  төрағасы Абдалла Әл аш-Шейх,  Әл-Азхар университетінің Жоғарғы имамы  Шейх Мұхаммад Саид Тантауи,   Діни  диалог    жөніндегі   Папа кеңесінің  президенті   Жан-Луи Торан,   Израильдің   бас ашкеназийлер   раввині Йона Мецгер,   Буддашылардың    дүниежүзілік   федерациясының вице-президенті Хамба лама Чойжилжавын Дамбажав,   Дүниежүзілік  лютерандар федерациясының  бас  хатшысы  Ишмаэль Ноко,   Констанинополь  патриархы  Варфоломей Біріншінің  өкілі  митрополит  Эммануил Адамакис,   БҰҰ Бас хатшысының  орынбасары Сергей Орджоникидзе  қатысуда.

 «Толеранттылыққа,    өзара құрмет пен ынтымақтастыққа  негізделген    әлемді  тұрғызудағы  діни  жетекшілердің рөлі»  тақырыбына арналған  бүгінгі съезд  жұмысының  пленарлық  сессиясында Мысыр Араб Республикасының өкілі, Кройдон Епископы, ЕҚЫҰ, Қытай даосистері қауымдастығының өкілдері, Түркия Үкіметі жанындағы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Әли Бардакоғлы, Қазақстанның Бас  мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі және басқа елдерден келген өкілдер баяндама жасайды деп күтілуде.

Пленарлық сессиядан кейін съезге қатысушылар «Астана маңындағы мыңжылдық» атты көшпелілер өркениеті фестивалінің көріністерін тамашалайтын болады. Ал кешке қарай Әлемдік және дәстүрлі діндер  басшыларының ІІІ-ші съезіне қатысушыларының  құрметіне орай Елбасының атынан қабылдау өтеді. Аталған алқалы басқосудың екінші күні, яғни шілденің 2-інде секциялық отырыстардың жұмысы басталады. Атап айтқанда, секциялар «Моральдық және рухани құндылықтар, әлемдік этика»,  «Диалог және ынтымақтастық», «Дағдарыс кезеңіндегі тілектестік» тақырыптарына арналмақ.  Сонымен қатар, осы күні кешкісін съездің жабылу рәсімі өтеді. Онда Елбасы сөз сөйлейді деп күтілуде. Съезд қорытындысы бойынша қатысушылардың үндеуін қабылдау жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар