Бейбітшілік және келісім сарайы ТМД заманауи өнер орталықтарының үздік үштігіне енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ТурСтат туристік порталы ТМД елдері арасындағы заманауи өнер орталықтары мен музейлердің рейтингін жасады. Рейтинг халықтың жиі баруы, онлайн-тур мен виртуалды эскурсияны ескере отырып жасалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ТМД елдеріндегі заманауи өнер орталықтарының үздік бестігіне Минск қаласындағы Беларусь Республикасының ұлттық заманауи өнер орталығы, Бакудегі Гейдар Алиев орталығы, Нұр-Сұлтандағы Бейбітшілік және келісім сарайы (Пирамида), Еревандағы заманауи өнер музейі мен Ташкенттегі Заманауи өнер орталығы енген.

Музейлердің танымалдығы, виртуалды тур ұсыныстары мен музей экспозияцияларына онлайн экскурсия жасалуы зерттеліп, соның нәтижесі бойынша рейтинг жасалды.

Ресейде «Гараж» музейі мен Мәскеу заманауи өнер музейі көш бастап тұр.


Соңғы жаңалықтар