Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.29 EUR 426.40
RUB 5.93 CNY 56.58
Jańalyqtar

Бейбітшілік үшін Нобель сыйлығының лауреаты Б.Обама Сирияға қарсы соғысты ашуға даяр

2013 жылғы 1 қыркүйек 14:10 49
Бөлісіңіз:
Бейбітшілік үшін Нобель сыйлығының лауреаты Б.Обама Сирияға қарсы соғысты ашуға даяр

АСТАНА. 1 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бейбітшілік үшін Нобель сыйлығының лауреаты, АҚШ президенті Барак Обама Біріккен Ұлттар Ұйымының шешіміне қарамай, Сирияға қарсы соғысты ашуға даяр.

Өзінің соңғы мәлімдемесінде Б.Обама АҚШ конгресінің шешіміне сүйенетіндігін жеткізді. «Мен бір шешімге келдім, АҚШ сириялық режимге қарсы әскери операцияны өткізуге міндетті. Оған қоса, төраға (штабтар бастықтарының біріккен комитетінің басшысы) маған есеп бергендей, біздің күш-қуаытымыз уақытқа қарап отырған жоқ - операцияны ертең де, бір аптадан кейін де, бір ай өткен соң да өткізуге болады. Алайда мен басқа бір шешімге келдім. Мен конгресстегі америка халқының қолдауын күтемін. Американың өз сөзінде тұратынын әлемге көрсететін кез келді», - дейді Б.Обама. Дегенмен, журналистердің «АҚШ Конгресі соғысқа қарсы болса, әскери операция өткізіле ме?» деген сұраққа Б.Обама жауап бермей, кетіп қалды.

Айта кетейік, Сириядағы химиялық қару-жарақты қолдануға қатысты БҰҰ-ның мамандары тиісті сараптаманың шешімін үш аптадан кейін жариялайды. Бірақ АҚШ президенті оған қарамай, Б.Асадтың билігіне қарсы соғысты ашуға даяр екендігін жеткізді. Енді, ол ел конгресінің шешімін күтуге шешім қабылдады. АҚШ конгрессмендері болса, кезекті демалыстан қыркүйектің 9-ы күні шығады. АҚШ президентінің бүгінгі шешіміне қарсы әлемнің көптеген елдерінде қарсылық акциялары өтіп жатыр. Ұлыбританияның парламенті Сирия шиеленісіне араласпау туралы шешім шығарды. Ресей президенті В.Путин де Б.Обаманы сабырлыққа шақырып отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT