Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы 2020 жылғы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты атанды, деп жазады ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Осы сыйлыққа Швецияның экология белсендісі Грета Тунберг те осы үміткер ретінде ұсынылған, оның жасы 17-де. Оның кандидатурасын Норвегия Парламентінің үш мүшесі және Швециядан келген екі депутат ұсынған.

Сыйлыққа ие болуы мүмкін ықтимал үміткерлердің қатарында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джакинда Ардерн және «Шекарасыз репортерлар» деп аталатын журналистер құқығын қорғау ұйымы болды.

Сыйлыққа екі жүзден астам ұйымдар мен әлем қайраткерлері, соның ішінде елдегі әйелдер құқығы үшін күресетін Ауған белсендісі Фаузия Куфи, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш, Германия канцлері Ангела Меркель, сондай-ақ Суданның студенті Алаа Салах ұсынылды, ол елдегі революцияның басты тұлғаларының бірі.

Естеріңізге сала кетейік,2014 жылы Нобель сыйлығының ең жас иегері пәкістандық мектеп оқушысы Малала Юсуфзай болған еді. Ол марапат алған сәтте ол 17 жаста болатын.

Өткен жылы Эфиопияның Премьер-Министрі Әби Ахмед Әли көрші Эритреямен қақтығысты реттегені үшін Нобель сыйлығын алды.

1901 жылдан бастап Нобель сыйлығы 100 рет берілді. Он тоғыз рет Комитет Нобель өсиетінде айтылғандай, «халықтар арасындағы бауырластық үшін, әскерлерді жою немесе қысқарту және бейбіт форумдарды қолдау үшін басқаларды көбірек жасайтын» лайықты қайраткерлерді таппады.


Соңғы жаңалықтар