Бейбітшілік пен келісімді қорғай отырып, егемендік бағытымызды ұстануымыз керек - Президент

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс пен жаһандық экономикадағы дағдарыс кезінде еліміз өзінің жоғары даму динамикасын сақтауы керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлы дала төрінде қонақжайлықпен және өзара қолдау культімен үйлесетін еркіндік пен шығармашылық рухы әрдайым бағаланып келген. Қазақстан түрлі өркениеттер тоғысып, байи түсетін орынға айналды. Сондықтан, «әралуандық бірлігі» қағидаты еліміздің қоғамдық дамуына негіз болып отыр. Жақында Рим Папасы Қазақстан туралы, өзара толеранттық, достық және еліміздің бейбітшілік пен ынтымақтастыққа ұмтылысы туралы өте жылы лебізін айтты», - деді Президент.

Өз сөзінде Мемлекет басшысы арықарай демократияландыру үшін президенттік институтты реформалауға бастамашы болғанын еске салды. Онда Мемлекет басшысының өкілеттігі бір рет сайлану құқығымен жеті жылдық мерзімге шектелген. Бұл конституциялық норманы қабылдау азаматтар арасында зор қолдауға ие болды.

«Бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс пен жаһандық экономикадағы дағдарыс құбылыстарының өсуі кезінде еліміз өзінің жоғары даму динамикасын сақтауы керек. Біздің табысымыздың кепілі – жалпыұлттық бірлік пен жалпыазаматтық ынтымақтастық. Біз өзіміздің басты байлығымыз – бейбітшілік пен келісімді қорғай отырып, егемендік бағытымызды нақты ұстануымыз керек», - деді Қ. Тоқаев.




Фото:t.me/bort_01




Соңғы жаңалықтар