Бейбіт жиын туралы заңға өзгертулер енгізіледі - Дәурен Абаев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Бейбіт кездесулерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасына қоғам белсенділерінің талқылауынан кейін өзгертулер енгізілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен бір нәрсені айтқым келеді. Біз ұсынған заңға алдағы уақытта өзгертулер енгізіледі. Себебі, бүгін біраз пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, біз қазір заң жобасын қабылдасақ та, кейін осыған қайта ораламыз, оған сенімдімін. Өйткені мемлекеттік органдар да, қоғамдық белсенділер де уақыт өте келе өзгерістер енгізу қажеттігін айтады», – деді Дәурен Абаев.

Сонымен қатар, Ақпарат министрі митинг өтетін орынды мәслихат анықтайтынын атап өтті.

Айта кетейік, бүгін Алматыда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың азаматтық белсенділермен кездесуі өтті . Онда бейбіт шеру өткізу және ұйымдастыру тәртібі жөніндегі ҚР заңын жетілдіру мәселесі қаралды.


Соңғы жаңалықтар