+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

Бейбіт жиналыстарға қатысты өтініштерді 6 маусымнан бастап жолдауға болады – министрлік

2020 жылғы 31 мамыр 16:47
Бөлісіңіз:
Бейбіт жиналыстарға қатысты өтініштерді 6 маусымнан бастап жолдауға болады – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –6 маусымнан бастап бейбіт жиналыстар туралы хабарламалар мен келісуді алу туралы өтініштерді жолдауға болады. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақпарат және қоғамдық даму министрлігігің телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

2020 жылғы 25 мамырда Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңға қол қойды.


Заң алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Заң 2020 жылғы 26 мамырда жарияланды, сәйкесінше 2020 жылғы 6 маусымда күшіне енеді.
2020 жылғы 6 маусымға дейін «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы өз күшінде қалады.
Осыған байланысты бейбіт жиналыстар туралы хабарламалар мен келісуді алу туралы өтініштерді жолдау «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңы күшіне енгеннен кейін мүмкін болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT