Бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң уақыт талабына толықтай сай - сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейбіт жиналыстар туралы заң азаматтық сектор пікірі ескеріле отырып тыңғылықты әзірленген. Мұндай пікірді ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері Айдана Акесина білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осыдан біраз уақыт бұрын ҚР Парламенті Сенатының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» заң жобасына түзетулер енгізіп, Мәжіліске қайтарғаны белгілі болған еді. Бұл ретте сенаторлар азаматтық сектор мен сарапшылық қоғамдастық ескертпелерінің басым бөлігін назарға алған-ды. Айталық, түзетулерде бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылардың міндетінен қатысушыларға бет-әлпетін жасырмау, оның ішінде адам жүзін тануға кедергі келтіретін заттарды қолдануға тыйым салу талаптары алынып тасталған. Бір қарағанда вирустың жаңа түрінің таралуымен байланысты көрінетін бұл түзету шындығына келгенде белсендінің жасырын қалу құқығының танылуы саналады. Өйткені, бейбіт жиналыстарға қатысу барысында маска тағу қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндірмеуі тиіс», - деді сарапшы.

Оның атап өтуінше, мұндай ұқсас әдісті Австрияның заңнамасынан да байқауға болады. Ал 2019 жылы маска тағуға тыйым салу Гонконгтегі ауқымды наразылық шараларының ушыға түсу себебіне айналды.

« Азаматтық қоғам, Үкімет және жеке сектор арасында көзқарас қарама-қайшылығы болатындығына қарамастан, қоғамның өзара байланыстылығының күрделі сипатына байланысты ынтымақтастық барынша қажеттілікке айналып келеді. Ал бейбіт жиналыстар туралы заң жобасының азаматтық сектор пікірін ескере отырып соңына дейін әзірленгенді. Бұл бүгінгі таңда мемлекеттің маңызды қоғамдық проблемаларды шешімін іздеуде әрбір сектормен өзара іс-қимылға басымдық беруге тырысатындығын көрсетеді. Жаңа заң - уақыт талабына толықтай сай келеді», - деді Айдана Акесина.


Соңғы жаңалықтар