Бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң азаматтық позицияны көрсетуге кең мүмкіндік береді - сарапшы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң қазақстандықтардың азаматтық позициясын көрсетуге кең мүмкіндік береді. Мұндай пікірді «Бейбіт жиналыстар туралы жаңа заңның қолданысына шолу» баяндамасының авторы Найля Әлмұхамедова білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, баяндама бейбіт жиналыстар туралы жаңа заңның қалай жұмыс істейтінін көру үшін дайындалған.

«Бұл аналитика құжат. Мұның мақсаты - әлеуметтік-саяси салаларға қатысты ұсыныстарды жүзеге асыру. Ерекше атап өтетін жәйт, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің аясында мемлекет басшысы өзінің саяси реформалар пакетін жариялаған болатын. Сол жерде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру бойынша жаңа заң әзірлеу туралы тапсырма берілді.Тапсырма орындалды. Заң қабылданды. Бұл құжатта митингілер туралы заңдарды жетілдірудің қысқаша хронологиясы берілген. Былтыр өткен бейбіт жиналыстарға қатысты қабылданған нормалардың ережелерін жүзеге асыру жайына талдау жасалды», - дейді сарапшы.

Сонымен қатар, ол жаңа заңның қолданылуы азаматтарға өздерінің азаматтық позициясын көрсетуге кең мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң қазақстандықтардың азаматтық позициясын көрсетуге кең мүмкіндік береді. Мәселен, бұрын барлық жиналыстарды ұйымдастыру үшін мемлекеттік органдардан рұқсат алу керек болса, енді жаңа заңға сәйкес, мемлекеттік атқарушы органдарға хабарлама жіберу жеткілікті. Демек, бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған нормалар өзгерді. Сонымен қатар, барлық бейбіт жиналыстарға жеке-жеке анықтама берілді (митинг, пикет, жиналыс, шеру, демонстрация). Оған қатысушы адамдардың құқықтары мен құзыреті жаңа заңда айқындалды. Бұрыңғы заңда бұл қарастырлмаған болатын»,- дейді Найля Әлмұхамедова.


Соңғы жаңалықтар