+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Бейбіт жиналыстар туралы Заң жобасының тұжырымдамасы қоғам талқысына шығарылды

2020 жылғы 7 ақпан 18:34
Бөлісіңіз:
Бейбіт жиналыстар туралы Заң жобасының тұжырымдамасы қоғам талқысына шығарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заң жобасының тұжырымдамасы қоғам талқылауына шығарылды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамды даму министрі Дәурен Абаев Facebook-те жазды.

«Құрметті достар! Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында бейбіт жиналыстар туралы жаңа Заң әзірлеуді тапсырды. Бүгін біздің Министрлік «Ашық Үкімет» сайтында осы нормативтік-құқықтық акт тұжырымдамасының жобасын орналастырды. Келіп түскен ұсыныстар мен жетекші халықаралық тәжірибелер негізінде бірқатар жаңа енгізілімдер ұсынылады», - деді министр.

Енді 10 жұмыс күні ішінде әр азамат өз ескертпесі мен түсініктемесін сайтта қалдыра алады. Олар алдағы уақытта қарастырылатын болады.

«Журналистерді, үкіметтік емес сектордың өкілдерін, азаматтық белсенділерді осы жұмысқа қатысуларыңызды сұраймын», - деді Д.Абаев.

Айта кетейік, Президент Қ.Тоқаев 2019 жылдың қыркүйегінде халыққа жариялаған Жолдауында митингтер туралы заңнаманы жетілдіру қажеттігін атап өткен болатын. «Конституцияға сәйкес азаматтарымыздың өз ойын еркін айтуға құқығы бар. Егер бейбіт акциялар заңның шеңберінен шықпайтын және азаматтарымыздың тыныштығын бұзбайтын болса, бұған түсіністікпен қарап, жиындарды өткізу үшін арнайы орын бөлу қажет. Мұндай орындар қаланың шетінде болмауы тиіс. Алайда, заңға қайшы және бұзақылық әрекеттерге шақыратын үндеулерге заң шеңберінде тосқауыл қойылады», - деді Мемлекет басшысы.

Ал осы жылдың желтоқсанында өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2-отырысында Қазақстан Президенті елімізде митингтерді ұйымдастырудың алдын ала ескерту принципін енгізу керектігін мәлімдеді.

«Митингтерді ұйымдастырудың ескерту принципін енгізуге кірісу керек. Митингтерді өткізуге болады, егер де олар заңды, қоғамдық тәртіпті бұзбаса және азаматтардың тыныштығына кедергі келтірмесе. Бұл - менің түбегейлі ұстанымым», - деді Қ. Тоқаев.

Мемлекет басшысы атап өткендей, Президент Жолдауын жүзеге асыру бойынша жоспарды орындау аясында «Бейбіт жиындар туралы» заң жобасы әзірленді. Онда бейбіт жиындардың барлық формалары нақты айқындалып, арнайы орындарды анықтау бойынша мәслихаттар құзыреті бекітіледі. Сонымен қатар, «ұйымдастырушының мәртебесі», «қатысушы мен байқаушы мәртебесі» түсініктері, олардың құқықтары мен міндеттері қамтылады.

«Бұл тұрғыда қолданыстағы заңға өзгерістер емес, концептуалды жаңа заң туралы айтылып отыр. Бұл құжат бейбіт жиындардың барлық формаларын ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін регламенттейді. Үкімет Парламент қарауына заң жобасын енгізуі керек», - деді ҚР Президенті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT