+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Бейбіт жиналыстар туралы заң жобасының артықшылықтары қандай

2020 жылғы 17 ақпан 14:00
Бөлісіңіз:
Бейбіт жиналыстар туралы заң жобасының артықшылықтары қандай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыс ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары жан-жақты талқыланып келеді. ҚазАқпарат агенттігі заң жобасының басымдықтарына шолу ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Дәулет Байделдінов бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң жобасы жөнінде: Барлық кемшіліктер жойылады Бейбіт жиналыстар туралы заң: Әлемдік практика қандай Қазақстанда онлайн митингілер өткізу ұсынылды

Жаңа заңның қабылдануы қолданыстағы заңнамалық базаның ескіруімен байланысты болды. Атап айтқанда, жаңа заңда жиналысты өткізу туралы хабарлау рәсімі алғаш рет қолданылады.

Талқыланып жатқан құжат бейбіт жиналыс өткізуді мақұлдау процесін еркін ырықтандыруға мүмкіндік береді. Заң жобасында бейбіт жиналыстарды тек хабарлау тәртібімен пикет түрінде өткізу мүмкіндігі қарастырылады. Сонымен бірге, хабарлама беру тәртібі уәкілетті органнан қандай да бір жауап немесе келісім алмай-ақ, 250-ден көп емес адам қатысатын жиындарды өткізу үшін қарастырылған. Бейбіт жиналыстар, демонстрациялар, шеру және митингілер өткізуге рұқсат беру 250-ден астам адам қатысқан жағдайда ғана қажет болады.

Заң жобасы хабарламаларды немесе өтініштерді қараудың нақты және түсінікті ретін құруға мүмкіндік береді. Қолданыстағы заң рұқсат алу өтініштерін қарау мерзімдерін ғана белгілейді. Алайда, өтінімді қараудың егжей-тегжейлі тәртібі реттелмеген. Осыған байланысты хабарландыру мен рұқсат беруді қарастырудың нақты мерзімдерін; хабарламаларға немесе мәлімдемелерге қойылатын талаптарды; шешім туралы ұйымдастырушыларға хабарлау формасын нақты белгілеу ұсынылады.

Осылайша, бұл түзетулер бейбіт жиынға қатысушы тараптар арасындағы жанжалды болдырмауға мүмкіндік береді және азаматтар мен билік арасындағы қатынасқа айқындық пен ашықтық енгізбек.

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру туралы заң жобасына оларды өткізу кезіндегі үгіт-насихат институты енгізіледі. Моральдық тұрғыда ескірген қолданыстағы заң азаматтардың үгіт-насихат жүргізудегі құқығын реттемейді. Бұл мақсатта хабарламаны қарау мерзімі аяқталған соң немесе бейбіт жиналыс өткізуге келісім алған соң, әлеуметтік желілерді, бұқаралық ақпарат құралдарын, мессенджерді пайдалануға болады.

Жалпы, 1995 жылғы заң жалпылама сипатта болды. Негізгі құқықтық регламент мәслихаттарға жүктелді, бұл мемлекеттің әртүрлі аймақтарында әртүрлі құқықтық реттелуіне әкеп соқты. Заңнамадағы мұндай кемшіліктер жергілікті уәкілетті органдардың алуан түрлі талаптар белгілеуіне көмектесті. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты бейбіт жиналыстар өткізуге болатын орындарды ғана белгіледі, ал басқа өңірлерде митинг өткізуді қосымша реттеу үшін басқа да ережелер мен талаптар бекітіліп келеді. Жаңа заңның қабылдануы республиканың барлық аймақтарында бейбіт жиналыс өткізудің бірыңғай ережелерін орнатады.

Сонымен бірге, қолданыстағы заңның кемшіліктерінің бірі – бейбіт жиын түрлерінің нақты реттелмеуі. Осыған байланысты заң жобасында ұғымдық аппарат құру ұсынылған. Бұл бейбіт жиын, митинг, пикет, жиналыс, демонстрация, шеру сияқты негізгі ұғымдарды қалыптастыруға және олардың арасындағы айырмашылықты анықтауға мүмкіндік береді.

Заң жобасы бейбіт жиналыстардың негізгі қағидаттарын енгізуге мүмкіндік береді, олардың арасында, ең алдымен, зорлық-зомбылыққа, күштеуге тыйым салу; заңдылық; мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтауды, өзгелердің құқықтары мен бостандықтарын қорғауды және ең бастысы – қатысу еркіндігін қамтамасыз ету бар.

Одан бөлек, заң жобасында бейбіт жиындарда ұйымдастырушылардың, қатысушылар мен журналистердің мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін бекіту қарастырылған. Қолданыстағы заң қатысушылар мен ұйымдастырушылар ұғымын ажыратпаған және журналистер қызметінің тәртібін реттемейді. Жаңа заңда ұйымдастырушылар мен қатысушылардың мәртебесіне, құқықтары мен міндеттеріне анықтама беру ұсынылады. Бұл бейбіт жиналыс қатысушылары мен ұйымдастырушылары болуы ықтимал адамдарға қойылатын талаптарды анықтауға көмектеседі. Оған қоса, ұйымдастырушылар мен қатысушылардың құқықтары мен міндеттері де нақты айқындалады, бұл бейбіт жиналыс субъектілері мен мемлекеттік органдар арасындағы мәселелерді реттеуге мүмкіндік береді.

Бейбіт жиналыс ұйымдастыруды ыңғайлы ету үшін ұйымдастырушыларды тануға болатын белгілер қабылданады. Айта кеткен жөн, қазір қауіпсіздік мақсатында бейбіт жиналысқа баратын журналистер арнайы форма киіп жүр.

Заң жобасының тағы бір басымдығы – бейбіт жиналыс өткізуге рұқсат берілмейтін негіздердің нақты тізімін жасау. Қолданыстағы заңда бейбіт жиналыс өткізуге рұқсат бермеу негіздері анық жазылмаған, ал түзетулерде нақты тізім қолданылды. Бұл жағдайда заң жобасында бейбіт жиналыстар үшін балама орын ұсыну құқығы қарастырылған.

Бейбіт жиналыс өткізу орны да – заң жобасын әзірлеушілер жасаған маңызды бөліктердің бірі. Қазіргі уақытта түрлі өңірлердегі мәслихаттар түрлі жерлерде бейбіт жиналыс өткізуге арналған орындар бөлді. Мәселен, Алматы қаласындағы «Сарыарқа» кинотеатры аймағындағы орынды арнайы белгілеу үлкен сынға ұшырады. Осыған байланысты, заң жобасында елді мекендердің орталық бөліктерінде арнайы орындар белгіленіп, қауіпсіздік талаптарына сай болуы қарастырылған.

Заң жобасының маңызды тармағының бірі – бейбіт жиналыстар мен бұқаралық іс-шаралардың басқа түрлері арасындағы айырмашылықты көрсету. Заң жобасында бейбіт жиын әрекетінің жабық ғимаратта өтетін қоғамдық іс-шараларға, мәдени, бұқаралық, дене тәрбиесі-сауықтыру және спорттық шараларға, жергілікті қоғамдастықтардың жиналыстарына, меншік иелерінің жиналыстарына, сондай-ақ діни жоралғылар мен рәсімдерге таралмайтыны жазылған.

Сонымен бірге, заң жобасында бейбіт жиналыс еркіндігін бұзатын шешімдер мен әрекеттерге шағымдануға мүмкіндік беретін бап енгізу қарастырылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT