«Бейбіт жиналыстар туралы» Заң қолдануға қолайлы екендігін көрсетті - Ерлан Саиров

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -«Бейбіт жиналыстар туралы» Заң қолдануға қолайлы екендігін көрсетті. Мұндай пікірді ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ерлан Саиров білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аясында саяси реформалардың алғашқы топтамасы ұсынылған еді. Оның аясында «Бейбіт жиналыстар туралы» жаңа Заң қабылданды. Бұл заңның еске заңнан түбегейлі түрде өзгешелігі бар. Сонымен қатар қоғамымыздың демократиялану саласындағы маңызды қадамы саналады. Өйткені, алғаш рет құқық қолдану саласында бейбіт жиналыстар мен шерулер өтізу туралы хабарлау ұстанымы қолданылады. Бұған қоса, осы заң қабылданғаннан кейін барлық қалаларда, ауылдарда, барлық жерде бейбіт жиналыстар өткізуге арналған орындар белгіленген еді. Бұл орындар қалалар мен ауылдардың дәл ортасында орналасқан және жиналыстар мен жиындар өткізуге өте қолайлы«, - деді Ерлан Саиров.

Ұлттық кеңес мүшесінің атап өтуінше, «Бейбіт жиналыстар туралы« Заңда бейбіт жиналыстың өткізілуіне кедергі келтіретін шенеуніктерді жазаға тартуға мүмкіндік беретін норма көзделген.

«Бүгінгі күні бұл Заң қолдану барысында өте ыңғайлы екенін көрсетіп отырғанын айтқан жөн. Осы Заңға сәйкес еліміздің азаматтары бейбіт жиналыстар мен шерулер өткізіп жатыр және еліміздегі барлық саяси аспектілерге қатысты өздерінің тілектері мен ойларын білдіруге толықтай құқықтары бар»,- деді ол.


Соңғы жаңалықтар