Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан Барысы» турнирінің үш дүркін чемпионы атанды!

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада төрінде Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы-2016» республикалық турнирі өз мәресіне жетті.

Финалда белдескен Жұманазар Ерсұлтановтан айласын асырған Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан Барысы» турнирінің үш дүркін чемпионы атанды! Бейбіт осыған дейін 2012 және 2015 жылы «Қазақстан Барысы» атағына қол жеткізген болатын. Күміс белбеуді иеленген Оңтүстік Қазақстан облысының балуаны Жұманазардың еншісінде осыған дейін «Қазақстан Барысы» турнирінің қола белбеуі бар. Ал үшінші орын алған жамбылдық Айбол Айтбек биыл бірінші рет жүлдеге иелік етіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 1-ші орын алған Ыстыбаевқа 25 000 000 теңге, алтын тайтұяқ және Астанадан бір бөлмелі пәтер берілді. Екінші орын алған Ерсұлтановқа 5 500 000 теңге, үшінші орын алған айболға 1 800 000 теңге көлемінде сыйлық табысталды.

Соңғы жаңалықтар