Бейбіт Шүменов түрік боксшысымен чемпиондық атақ үшін сайысқа түседі

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Кәсіпқой боксқа қайта оралған қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовтың (17-2, 11 КО) қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

BoxRec порталындағы ақпараттарға сәйкес, Шүменов түркиялық боксшы Хизни Алтункаймен (30-1, 17 КО) қолғап түйістіреді.

Шүменов-Алтункай жекпе-жегі 7 шілде күні елордада өтеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ, қос боксшы бірінші ауыр салмақтағы WBA нұсқасы бойынша «уақытша» чемпион титулын сарапқа салмақшы.

Айта кетейік, Бейбіт Шүменов 2017 жылы кубалық Юниеру Дортикоспен (21-0, 20 КО) жұдырықтасып, WBA «тұрақты» әлем чемпионы атағын қорғау керек болған. Алайда, қазақстандық боксшы жарақат салдарынан спорттық мансабын аяқтаған еді.

Соңғы жаңалықтар