+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Бейбіт Шүменов Головкинмен бірге жаттығатын чемпионмен айқасады

2019 жылғы 14 ақпан 16:07
Бөлісіңіз:
Бейбіт Шүменов Головкинмен бірге жаттығатын чемпионмен айқасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Панамада WBA (Regular) тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовтің (18-2, 12KO) WBA-ның осы категориядағы «уақытша» чемпионы, франциялық Арсен Гуламирянмен (24-0, 16KO) жекпе-жегі бойынша промоутерлік сауда-саттық өтті. Бұл туралы «Қазақстанның кәсіпқой боксы» әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда-саттықта 821 мың АҚШ долларын ұсынған Шүменовтің промоутері Дон Кинг жеңіске жетті. Бұл, Гуламирян ұсынған тараптың сомасынан 200 мыңға көп. WBA ережесі бойынша, сыйақы Шүменовтің пайдасына 55-ке 45 пайыздық қатынаста үлестіріледі. Осылайша, Бейбіт бұл айқас үшін 451 550 АҚШ долларын, ал оның қарсыласы - 369 450 доллар алады. Сауданың ең төменгі мөлшерлемесі 200 мың доллар болды.

Boxingscene.com-ның мәліметінше, жекпе-жек келісімшартына сауда-саттық аяқталған сәттен 14 күннің ішінде қол қойылуы тиіс. Ол 15 сәуір күні Монте-Карлода, 30 сәуір күні Қазақстанда немесе 13 мамыр күні Нью-Йорк қаласында өтуі мүмкін.

Атап өтейік, Арсен Гуламирян қазақстандық боксшылар Геннадий Головкин, Әли Ахмедов және Руслан Мәдиев жаттығатын Биг Бэрда (Калифорния штаты, АҚШ) дайындалып жүр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT