Бейбіт Шүменов Астанадағы жеңісінен кейін әлемдік рейтингке кірді

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Кәсіпқой боксқа қайта оралған қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов Астанадағы жеңісінен кейін әлемдік рейтингіде ТОП-30 қатарынан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

BoxRec порталындағы деректерге сәйкес, Шүменов 18-ші жеңісінен кейін бірінші ауыр салмақта 76 ұпаймен (+10 ұпай) 28-орынға жайғасты. Ал қарсыласы Хизни Алтункая 9 ұпай жоғалтып, 104-орынға сырғыды.

Айта кетейік, Шүменов-Алтункая жекпе-жегі 7 шілде күні Астана қаласындағы «Барыс Аренада» өтті. Қорытындысында, отандасымыз 9 раундта жеңіске жетіп, WBA чемпиондық атағын жеңіп алды. 

Соңғы жаңалықтар