USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Бейбіт халыққа оқ атылды деген әлемдік қауымдастық пікірін Президенттің ағылшын тіліндегі твиттері өзгертті - Уәли

2022 жылғы 9 қаңтар 21:29
Бөлісіңіз:
Бейбіт халыққа оқ атылды деген әлемдік қауымдастық пікірін Президенттің ағылшын тіліндегі твиттері өзгертті - Уәли

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемдік қауымдастықтың Маңғыстау облысындағы бейбіт халыққа оқ атылды деген пікірін Президенттің ағылшын тілінде жазған твит-жазбалары өзгертті. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында осындай ой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
iKOMEК астаналық орталығына ТЖ режимі кезінде 160 000-нан астам қоңырау шалынды Түркістан облысында азық-түлік тауарларының бағасы бақылауда Бүлікшілер қолға ілінгеннің барлығын алып кетті – Семей әкімдігінің қызметкері

«Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында ағылшынтілді аудиторияға арнап, ағылшын тілінде оншақты твит-жазба қалдырды. Өйткені шыны керек, көптеген әлемдік қауымдастықтың өкілдері біздегі ахуалды ең алғаш Маңғыстауда басталған бейбіт шеру деп қабылдап жүр. Соған қарсы оқ атты деген пиғылдан әлі айныған жоқ. Сол себепті біз ақпарат құралдарына, әсіресе шетелдік БАҚ-қа күл-талқан болған Алматының, Тараздың, Шымкенттің, Алматы облысының көшелерін, марқұм болғандар туралы, зардап шеккендерді көбірек көрсетуіміз керек. Өйткені олар бізді бейбіт халыққа оқ атты деп ойлап отыр. Шын мәнісінде жетік деңгейде ұйымдасқан, арнайы содырлық жасақ дайындықпен келгенін қазіргі таңда тергеу органдары анықтап, айтып бере алады», - деді Берік Уәли.

Оның айтуынша, Батыстағы халықаралық қауымдастықтың бұл пікірін Президенттің ағылшын тілінде жазылған твит-жазбалары өзгерткен.

«Шыны керек, сол твит-жазбалар шетелдегі халықаралық ұйымдар, шетелдегі әріптестер тарапынан қолдау тауып, қазіргі таңда Президент қабылдаған елді содырлардан азат ету бағытындағы контртеррорлық операцияға қолдау білдіріп жатқаны рас.

Біз тым-тырыс үндемей отырсақ, олар қайдан біледі? Сол себепті Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің орынбасарының және Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Мұхтар Тілеубердіге нақты тапсырма берді. Осы бағыттағы жұмысты жандандырып, шетелдік әріптестерге, Еуропаға, Батысқа осы жөнінде нақты ақпаратты, шынайы, болғанын болғандай етіп, қоспасыз көрсетуге тапсырма берді. Қазір Сыртқы істер министрлігі сол бағытта ауқымды жұмысты бастап кетті», - деді Президенттің баспасөз хатшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT