Бейбіт Атамқұлов шетелдік инвестициялардың неге азайып кеткенін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда тікелей шетелдік инвестиция көлемі төмендеді. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл тікелей шетелдік инвестиция 11,5% азайды. Бірден айтайын, бұл – өте үрейлі көрсеткіш. Барлық сала бойынша төмендеу байқалады. Бұл жөнінде Сыртқы істер министрі не айтады?», - деді Президент ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловқа Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

«Осымен үшінші жыл әлемде тікелей шетелдік инвестиция қайтарылып жатыр. АҚШ, Қытай, ЕО елдері сынды көптеген елдер достастық елдерінен өз инвестицияларын қайтарып жатыр. Елдер арасында бәсекелестік артты. Ішкі мәселелер де бар. Үкімет үйлестіру кеңесін құрды және оны Премьер-Министр басқарады. Осымен екі отырыс өткіздік және ең басты мәселе – сот жүйесінің ашықтығы мен әділдігі және салық жүйесінің тұрақтылығы мен сенімділігі болып отыр. Көші-қон саясатын жетілдіру қажет. Жабық есікке инвестиция келмейді», - деп жауап берді Бейбіт Атамқұлов.

Министрдің айтуынша, Президент ескертпелері орынды айтылған.

«Иә, біздегі экспорттық жолдар күрделі. Транзит азайды. Иран арқылы транзит есебінен көп нәрсе жоғалттық. Каспий транзитінің бағасы қымбаттады. Біз қағазда есептеп көрдік те, енді нақты проблемалармен бетпе-бет келіп жатырмыз. Сіздің ескертпелеріңіз өте орынды», - деді министр.

Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, отандық инвесторлар Қазақстанға салынатын инвестициялардың шешуші әрі маңызды құраушысы бола алады.

Соңғы жаңалықтар