Бейбіт Атамқұлов республикалық автожолдардың жағдайы қашан жақсаратынын айтты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылға дейін республикалық желідегі автожолдардың барлығының жағдайы жақсарады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның транзиттік көшбасшылығын нығайту мақсатында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында транзиттік сервис сапасын және жылдамдықты арттыру үшін еліміз арқылы өтетін теміржол транзиті дәлізінің инфрақұрылымын әрі қарай дамыту, сондай-ақ осал тұстарын жою көзделген. 2020 жылға дейін республикалық желідегі автожолдардың 13 мың шақырымы қайта жаңғыртылды. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 11 мың шақырым жол салынады және қайта жаңғыртылады. Оның ішінде республикалық желідегі 4 мың шақырым жолда биыл жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді ол.

Миинстрдің айтуынша, осылайша 2025 жылға дейін республикалық желідегі автожолдардың барлығының жағдайы жақсарады.

«Ұзындығы 24 мың шақырымды құрайтын республикалық желідегі автожолдар бойындағы қызмет көрсететін нысандар халықаралық стандарттарға сай болады. Бұл жұмыс жергілікті атқарушы органдарымен және бизнес өкілдерімен бірге жүргізіледі», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Соңғы жаңалықтар