Бейбіт Атамқұлов құрылыс индустриясының дамуын тежеп отырған факторларды атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов құрылыс индустриясының дамуын тежеп отырған факторларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда құрылыс индустриясының дамуын тежеп отырған өзекті мәселе - кейбір құрылыс материалдары бойынша импорт үлесінің жоғары болуы, өндірістік қуаттардың толық жүктелмеуі, өнімді өткізу кепілдігінің болмауы, сауда алаңдары туралы ақпараттандырудың төмендігі», - деді Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша құрылыс индустриясын дамытуды қолдау мақсатында бірқатар шара қарастырылған. Атап айтқанда импорт алмастыру бойынша жаңа жобалар құрып, құрылыс индустриясын дамытуды ынталандырудың жаңа тетіктері әзірленбек.

Сондай-ақ «Құрылыс материалдарының маркетингі» онлайн алаңы құрылып, негізгі импортталатын құрылыс материалдары бойынша инвестициялық паспорттар дайындалады. Сондай-ақ құрылыстағы қазақстандық мазмұнды нормативтік тұрғыда ынталандырылып, бұл шаралар кәсіпорындардың қуаттылығын арттыруға, өнімдерді өткізуге және өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар