Бейбіт Атамқұлов ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.


«Б.Б.Атамқұловты Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлық

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын, ол Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының

               Президенті                                                                                                    Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 7 қазан

                     № 352

 

***

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов 1964 жылы туған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, Санкт-Петербор мемлекеттік экономика және қаржы университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. 

Еңбек жолын Норильск тау-кен металлургия комбинатының мыс қорытатын зауытында балқытушы болып бастады, 1985-1991 жылдары Шымкент қорғасын зауытында металл балқытушы, ауысым шебері, инженер-технолог, жетекші инженер болып жұмыс істеді. 1991-2006 жылдар аралығында коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды. 

2006-2012 жылдары дипломатиялық қызметте болды. Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы, Бруней-Даруссаламдағы,  Филиппин Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы болып тағайындалған. 

2012 жылғы қазаннан Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы, 2014 жылғы тамыздан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы болған.

2015 жылғы 8 тамыздан осы тағайындауға дейін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды.

 
Соңғы жаңалықтар