+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Бейбіт Атамқұлов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болды

2019 жылғы 18 қыркүйек 19:26
Бөлісіңіз:
Бейбіт Атамқұлов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Атамқұлов Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте бас дәрігері қамауға алынған ауруханаға уақытша жаңа басшы тағайындалды Қостанай облысында бірқатар тағайындау болды Олжас Смағұлов ҚР Премьер-Министрінің кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды

«Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметінен босатылсын», делінген құжатта.


Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов 1964 жылы 19 мамырда дүниеге келген.

1986 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша аяқтады.

2000 жылы Санкт-Петербург экономика және қаржы мемлекеттік университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Өзінің еңбек жолын 1985 жылы А.П. Завенягин атындағы Норильск тау-кен металлургия комбинатының Жез балқыту зауытында балқытушы ретінде бастады.

1986-1991 жж. аралығында – Шымкент қорғасын зауытының балқытушысы, ауысым шебері, аға шебері, бас инженері, бөлім бастығының орынбасары.

1991-1995 жж. – ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің жүйесінде қызмет атқарды; «Казметаллэкспорт» республикалық сыртқы экономикалық кәсіпорынның «Черметэкспорт» бас маманы, директоры; «Қазақстан Сауда» сыртқы сауда компаниясы бас директорының бірінші орынбасары.

1995-1996 жж. – «Қарағанды металлургиялық комбинаты» МАҚ бас директорының бірінші орынбасары (Теміртау қ.).

1996-2006 жж. – Кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

2006 -2007 жж. – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің Кеңесшісі, Кеңесші-уәкілі (Мәскеу қ.).

2007-2008 жж. – Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігінің Кеңесші-уәкілі (Тегеран қ.).

2008-2010 жж. – Майндағы Франкфурт қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы (Германия).

2010-2012 жж. – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы және Филиппин, Индонезия, Бруней-Даруссалам сұлтандығында қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшісі (Куала-Лумпур қ.).

2012.-2014 жж. – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жауапты хатшысы.

2014 ж. тамыз - 2015 ж. тамыз – ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы.

2015 ж. тамыз - 2016 ж. қазан – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.

2016 ж. қазан - 2018 ж. желтоқсан – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

2018 жылдың 26 желтоқсанынан бастап - ҚР Сыртқы істер министрі.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

Құрмет» орденінің, «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалінің, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалінің иегері.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT