+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Бейбіт Атамқұлов: Көмір тапшылығы болмауы тиіс

2020 жылғы 23 маусым 13:15
Бөлісіңіз:
Бейбіт Атамқұлов: Көмір тапшылығы болмауы тиіс

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министір Бейбіт Атамқұлов әкімдіктермен бірлесіп халыққа арналған көмірді ертерек сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«2020-2021 жылғы жылыту маусымына дайындық мақсатында министрлік әкімдіктерге барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала нысандарын және тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындау үшін жұмыс жоспарын жіберді. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірлер бойынша ай сайынғы қажеттілікті көрсете отырып, коммуналдық-тұрмыстық мақсатқа және халыққа арналған көмірдің қажеттілік жоспары жасалды. Жалпы, жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр. Көмір тапшылығы болмауы тиіс», - деді министр Үкімет отырысында.

Қыркүйек-қараша айларында ел дүрлікпеуі үшін әкімдіктермен бірлесіп халыққа арналған көмірді ертерек сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Биыл оқу жылы басталғанға дейін 10 мыңдай білім беру объектісін дайындау жоспарланған. Денсаулық сақтау нысандары мен тұрғын үйлердің дайындығына баса назар аударылады. 6 мыңдай денсаулық сақтау нысаны мен 47 мың тұрғын үйді дайындау көзделген», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT