Бейбіт Атамқұлов: Қазақстан - Түркия тауар айналымы 50 пайызға өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлумен стратегиялық жоспарлау жөніндегі бірлескен тобының 5-ші отырысының қорытындылары бойынша бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін әріптесім, бауырым Мевлют Чавушоғлумен өте жемісті кездесу өткіздік. Қазақ халқы мен түрік халқы тамыры терең тартқан ұлы бәйтеректің екі үлкен бұтағы іспетті. Қазақстан азаттық алғаннан кейін екі ел арасындағы ынтымақтастық бірден қарқынды дами бастады. Бүгінде Қазақстан мен Түркия саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, әскери және басқа салаларда белсенді түрде ынтымақтастық жүргізуде», - деді ҚР Сыртқы істер министрі.null

Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, биыл екіжақты қарым-қатынастардың стратегиялық деңгейге көтерілгенінің 10 жылдығы аталып өтеді.

«Осы мерзім ішінде мемлекет басшыларының төрағалығымен Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі отырыстары үш рет өткізілді. Соңғы рет өткен жылдың қыркүйек айында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға ресми сапары кезінде болды. Елбасы 2016 жылғы 15 шілдеде Түркияда орын алған әскери төңкеріс жасау талпынысынан кейін Түркияға барған бірінші мемлекет басшысы», - деді ол.

Министр өз сөзінде қазақ-түрік қарым-қатынастарындағы Елбасы рөлі - ерекше екенін, оны екі мемлекет арасындағы байланыстардың сәулетшісі десек те артық еместігін айтты.

«1991 жылдан бастап Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға 24 рет жұмыс және ресми сапармен барды. Өз кезегінде Түркия Президенттері Қазақстанға 15 рет, Премьер-министрлері 6 рет келіп кетті. Елбасы бастамасымен түркітілдес мемлекеттердің арасындағы ынтымақтастық төңірегінде Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі, Түркі академиясы, ТҮРКСОЙ, Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры және ТүркПА сияқты көпжақты ынтымақтастық форматтары құрылды. Түркі мемлекеттері оны сыпайы түрде - Түркі әлемінің Ақсақалы деп атайды. Бүгін біз Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың бағыттарын талқыладық. Әлемдік және өңірлік саясаттың өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарымыз сәйкес келеді. Әріптесіммен бірге Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі кездесулерінен бұрын өткізілетін Бірлескен стратегиялық жоспарлау тобының кезекті отырысын өткіздік», - деді Бейбіт Атамқұлов.null

Оның айтуынша, екіжақты тауар айналымын бастапқыда 5 млрд долларға дейін көтеру жөніндегі екі мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмыстың нәтижелері байқалған.

«Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында екіжақты тауар айналымы алдыңғы жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 50 пайыздан астам өсімді көрсетіп, 632 млн долларға жеткенін атап өткім келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының түрлі салаларында түрік капиталының қатысуымен 2200-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Біз «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жандандыруға уағдаластық», - деді Бейбіт Атамқұлов.

null null

Соңғы жаңалықтар