Бейбіт Атамқұлов ЕҚЫҰ ДИАҚБ басшысымен радикализммен күрестегі мемлекет рөлін талқылады

None
None
ВАРШАВА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Польшаға жұмыс сапары аясында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) директоры Ингибьёрг Сольрун Гисладоттирмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, кездесу барысында Б. Атамқұлов демократиялық институттарды дамытудың және Қазақстандағы құқық үстемдігін нығайтудың үдемелі сипатын атап өтті. Сондай-ақ қазіргі таңдағы ДИАҚБ-мен ынтымақтастықтың деңгейін жоғары бағалап, болашақта Бюро қызметінің түрлі аспектілері бойынша ең тығыз өзара іс-қимыл жасауға дайын екендігін айтты.

Өз кезегінде, И.Гисладоттир Ұйымға қызмет етудің үшінші гуманитарлық өлшемі шеңберінде көптеген жылдар бойғы сындарлы ынтымақтастық үшін Қазақстанға алғысын білдірді. «ДИАҚБ ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің осы өлшемде оларға көмектесу үшін құрған құралы және оны белсенді түрде пайдалану қажеттігін» атап өтті. ДИАҚБ директоры Қазақстан тарапы ДИАҚБ-ның «Мұсылмандарға қатысты төзімсіздікке қарсы күрес: мұғалімдер үшін материалдар» және «БАҚ-тағы мұсылмандар үшін: үлкен теңгерім мен әралуандылық» тақырыбындағы екі бюджеттік емес жобасына қолдау білдіргені үшін алғыс білдірді.

Осы тұрғыда Б. Атамқұлов Қазақстанның елдегі этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту жөніндегі тәжірибесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі және осы саладағы негізгі халықаралық бастамалар туралы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі туралы хабардар етті. Кездесу барысында діни радикализм идеяларының таралуына жол бермеу бойынша мемлекеттің кешенді күш-жігеріне назар аударылды.

Қазақстандағы алдағы президенттік сайлау туралы айта келе, тараптар Қазақстандағы ЕҚЫҰ ДИАҚБ желісі бойынша халықаралық бақылаушылар қызметінің практикалық аспектілерін талқылады.

Б. Атамқұлов Қазақстанға келіп, 22 ұзақ мерзімді және 300 қысқа мерзімді бақылаушы жұмысын үйлестіретін миссия басшысы Урсула Гацекпен ашық өзара іс-қимыл жасауға қазақстандық тараптың дайын екендігін айтты. Өз кезегінде И. Гисладоттир Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен Орталық сайлау комиссиясымен ынтымақтастыққа оң баға берді және ДИАҚБ электоралды процесті ашық және тиімді бағалау қабілетіне сенім білдірді.

Сұхбаттасушылар алдағы электоралды кезеңде де, кейіннен де осындай ынтымақтастықтың нақты бағыттары мен алдағы кездесулердің жоспарларын белгілей отырып, сындарлы және мүдделі өзара іс-қимылды жалғастыруға екіжақты ұмтылысты растады.

Соңғы жаңалықтар