Бейбіт Атамқұлов Бішкекте ШЫҰ сыртқы істер министрлері кеңесіне қатысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов бастаған Қазақстан делегациясы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің жыл сайынғы отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР СІМ мәліметінше, іс-шара барысында ШЫҰ елдері сыртқы саяси ведомстволарының басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша сындарлы пікір алмасып, ШЫҰ-ның саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы қызметін одан әрі дамытудың бірінші кезектегі міндеттерін, сондай-ақ ШЫҰ-ның халықаралық және өңірлік бірлестіктермен байланысын дамыту мәселелерін талқылады.

Қазақстан, Үндістан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан сыртқы істер министрлері 2019 жылғы 14 маусымда Бішкекте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына дайындық барысын, Бішкек декларациясы мен маммит қорытындысы бойынша ақпараттық хабарлама жобаларын, сондай-ақ ұйымның ағымдағы қызметі бойынша басқа да бірқатар шешімдерді қарап, мақұлдады. ҚР Сыртқы істер министрі өз сөзінде халықаралық терроризмге, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес, өңірлік жанжалдарды реттеу, соның ішінде Сирия мен Таяу Шығыстағы негізгі өзекті мәселелер бойынша еліміздің ұстанымын атап өтті.

ҚР СІМ басшысы іс-шараға қатысушыларды Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамаларымен, соның ішінде ірі өңірлік құрылымдар - ЕАЭО, Еуропа одағы, ШЫҰ және АСЕАН арасындағы жүйелі экономикалық диалогты жолға қою қажеттілігі туралы таныстырды. ШЫҰ аясында экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасу тұрғысында тараптар қазақстандық бастамаларды іске асыру туралы - мүше мемлекеттердің өзара есептеріндегі ұлттық валюталардың үлесін арттыру, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының әлеуетін пайдалану және ұйымның сандық алаңын құру туралы ақпарат ұсынылды.

Қазақстан халықтардың бейбітшілігін, тұрақтылығы мен әл-ауқатын нығайту жолындағы ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша белсенді жұмысты жалғастыру ниетін растады. Отырыстың қатысушылары Қырғыз Республикасының ШЫҰ СІМК отырысын дайындау бойынша атқарған жұмысына жоғары баға берді.

Отырыс қорытындысы бойынша ШЫҰ сыртқы істер министрлерінің ақпараттық хабарламасы қабылданды.

null null null null


Соңғы жаңалықтар