+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Бейбіт Атамқұлов ауылда тұрғын үй салудың жаңа тетігін түсіндірді

2021 жылғы 20 сәуір 12:00
Бөлісіңіз:
Бейбіт Атамқұлов ауылда тұрғын үй салудың жаңа тетігін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл ауылдарда жаңа тетік арқылы 2,8 мыңнан астам мыңға жуық тұрғын үйдің құрылысы басталады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жұмыс беруші ауылда өз қызметкерлері үшін тұрғын үй салса, шығындарының 50 пайызын субсидиялау тетігін енгізу пысықталып жатыр. Үйдің құнының 50 пайызы мөлшерінде және жалпы ауданы 100 шаршы метрден, 1 шаршы метрінің құны 100 мың теңгеден аспайтын үйді пайдалануға бергеннен кейін жұмыс берушілердің шығындары субсидиялауға жатады», - деді министр.

Оның атап өтуінше, баспана жұмыс беруші мен жұмыскер арасында 5 жылдық мерзімге жасалған еңбек шарты болған кезде ұсынылады.

«Жедел деректер бойынша өңірлерде 2 855 тұрғын үйдің құрылысын бастау жоспарланып отыр», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT