Бейбіт Атамқұлов алдағы жылыту маусымына дайындық туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы жылыту маусымына дайындақ барысында ел аумағында 5 мың шақырым жылу құбыры, 11,2 мың шақырым су құбыры жөндеуден өтуі тиіс. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында осындай ақпарат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдағы 2021-2022 жылғы жылу беру маусымына әлеуметтік сала объектілерінің 65 мыңнан астамын дайындау қажет», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Оның ішінде 6 мың денсаулық сақтау нысаны, 11,2 мың білім беру нысаны, 47,6 мың тұрғын үй бар. Сондай-ақ, 11 мың автономдық қазандық қондырғыларын және 19 мың шақырым инженерлік желіні қалыпқа келтіру көзделіп отыр. Атап айтқанда, 5 мың шақырым жылумен жабдықтау желісін, 14,2 мың шақырым сумен жабдықтау желісін маусымға дайындау қажет.

«Жылу беру маусымына уақытылы және сапалы дайындалу мақсатында өңірлерге 1 маусымға қарай тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй және әлеуметтік сала объектілерін дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту ұсынылады. Сондай-ақ, 1 қыркүйекке дейін білім беру объектілерінің 100% дайындығын қамтамасыз ету қажет. 15 қазанға дейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй, денсаулық сақтау және әлеуметтік саланың барлық объектілерінің толық дайындығын қамтамасыз ету, құрылыс нормалары мен ережелерін сақтамай орнатылған автономдық жылу беру жүйелерін шығаруды аяқтау, инженерлік инфрақұрылым жүйесінің жылу беру маусымына дайындығын белгіленген мерзімде аяқтау, автономдық қазандықтарда отынның нормативтік қорын қамтамасыз ету жұмыстарын толығымен аяқтау керек», - деді ведомство басшысы.


Соңғы жаңалықтар