Бейбіт Атамқұлов Ақмол ауылындағы мектепке кітаптар сыйлады

None
None
АҚМОЛ. ҚазАқпарат – Бүгін Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Ақмола облысының Ақмол ауылындағы №5 орта мектепке барып, 1 қыркүйек күніне арналған салтанатты жиынға қатысты. Бұл туралы ведомстводан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СІМ басшысы бірінші және жоғары сынып оқушыларын, мұғалімдер мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Министр өз сөзінде қазақстандық патриотизмге, Отанға деген сүйіспеншілікке және жаңа білімге ұмтылудың маңыздылығына назар аударды. Оқушыларға оқу жылының жақсы және жемісті болуын, мұғалімдерге шығармашылық табыс тіледі.


Сонымен қатар, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі атынан мектеп кітапханасына кітаптар жиынтығы тапсырылды. Олардың арасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Бітімгер. Сирия түйіні», атақты қазақ дипломаттары Нәзір Төреқұлов, Михаил Есеналиев және тағы басқалар жайлы кітаптар бар.



Соңғы жаңалықтар