«Бейбарыс» ХК-ның бас жаттықтырушысы клубтан кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «Бейбарыс» хоккей клубының бас жаттықтырушысы Александр Истомин өз еркімен отставкаға кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Бас жаттықтырушы Александр Истомин және аға жаттықтырушы Олег Болякинмен келісімшарт олардың жұмыстан өз еркімен кету туралы өтініштеріне сәйкес бұзылады. Бас жаттықтырушының міндетін атқарушысы ретінде Владимир Клинга тағайындалды», - деп хабарлады «Бейбарыс» ХК-ның директоры Руслан Мурзабаев.

Еске сала кетейік, Александр Истомин қызметінен кеткенше 2009 жылы негізі қаланған «Бейбарыс» хоккей клубының бірінші әрі жалғыз бас жаттықтырушысы болған. Клуб үш мәрте ел чемпионы, екі рет күміс жүлдегер атанған және екі рет Қазақстан Кубогының финалына шыққан, ал 2016-2017 жыл маусымында Континенталдық Кубокта күміс жүлдеге ие болды.

Бас жаттықтырушының қызметтен кету себептерінің бірі - соңғы матчтардағы төмен көрсеткіштер. 
null null 

Соңғы жаңалықтар