Бетпердені тек тұмау белгілері болғанда ғана кию керек - ДСМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын алдын-алу шаралары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

-Қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;

- Қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;

- Адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;

- науқас адамдармен байланыста болмауға;

- суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек.

Бұл жағдайда мынаны ескеру қажет:

- бетпердені тек сізде тұмау белгілері болған жағдайда ғана кию қажет;

- коронавирусқа арнайы диагностика тек медициналық себептер бойынша жүргізіледі.

Айта кету керек, бұл мәселе - барлық қазақстандықтардың әлеуметтік жауапкершілігі болып табылады.



Соңғы жаңалықтар