Бетперде киген бұзақылар дүкенге шабуыл жасады - Қостанай

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түнгі сағат 02:00 шамасында полицияға жедел күзет қызметкерінен дүкенге шабуыл жасалғаны туралы хабар келіп түскен.

«Түнгі уақытта медициналық маска киген екі жігіт азық-түлік дүкеніне кірген. Мұнан соң бұзақылардың бірі сатушыны қылғындырып, мойнына өткір зат тіреген. Сатушы айқайлай бастағанда қосалқы үй-жайдан дүкеннің иесі келіп, дабыл түймесіне басқан. Нәтижесінде күдіктілер қашып үлгерді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ирина Беженарь.

Қазіргі уақытта полицейлер күдіктілерді ұстады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар