Бетпе-бет соғылған көліктердің бірінде қыстырылып қалған адам құтқарылды - ШҚО

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар көлікке қыстырылып қалған азаматқа көмекке келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 8 қараша күні Өскемендегі Понтонный көпірінің маңында болған.

«ВАЗ-2106» мен «Газель» көліктері бетпе-бет соқтығысты. Жол апаты салдарынан «ВАЗ-2106» автокөлігінің жүргізушісі салонда қыстырылып қалған. Көп ұзамай сол жерге жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келіп жетті. Олар 1954 жылғы ер адамды гидравликалық құралдың көмегімен алып шықты. Зардап шегуші бірден жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына қандай да бір қиындыққа тап болған кезде «112» телефон нөміріне хабарласу қажеттігін еске салды.


Соңғы жаңалықтар