Бетпақдалада із-түссіз кеткен 45 жастағы азамат бес тәуліктен бері табылмай жатыр

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында шөлді жерде жоғалып кеткен адам бес тәуліктен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

31 қаңтарда 45 жастағы Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылының тұрғыны елдімекеннен 15-20 шақырым қашықтықта орналасқан фазендасына «Mitsubishi Lancer» көлігімен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Айта кетейік, Мойынқұм - Жамбыл облысының орталығынан шалғайда, Қарағанды облысымен шекарада орналасқан аудан. Мұнда Бетпақдала шөлі бар. Қыста ауа температурасы 50 градус аяз болады. Елдімекендерде тұрғындар саны аз.

«4 ақпанда ер адамды іздестіру жұмыстары басталды. Іздеуге ТЖ департаменті мен құтқару жасағының 20 қызметкері, 3 төбет, «Қазавиақұтқару» АҚ 2 ұшқышы мен тікұшағы, полиция бөлімдерінің мамандары, тұрғындары тартылды. Барлығы 50 адам қатысып жатыр және 10 техника жұмылдырылған», - деп түсіндірді Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Автор: Галина Скрипник

Соңғы жаңалықтар