+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Бетпақдалада 3 адам із-түзсіз жоғалып кетті

2020 жылғы 27 қаңтар 14:40
Бөлісіңіз:
Бетпақдалада 3 адам із-түзсіз жоғалып кетті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Бетпақдаланың Түркістан облысы Созақ ауданындағы бөлігінде 3 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Қазір өңірдің құтқарушылары жоғалған тұрғындарды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тараздағы бала зорлау оқиғасынан кейін Алматыда бос тұрған 12 ғимараттың есігі мөрленіп, жабылды Қызылордада 87 жастағы қария өз-өзіне қол жұмсады Оралда жоғалып кеткен оқушы қыз іздестіріліп жатыр

Облыстық ТЖД хабарлауынша, 24 қаңтарда 1968, 1974 және 1977 жылы туған 3 ер адам туыстарына Қарағанды облысы Қаражал кентінде екендігін айтқан. Олар Бетпақдалаға «Шансиман», «Камаз» және «Ман» автокөлігімен шығатындығын хабарлаған. Бірақ содан кейін ешбір хабар болмаған. Екі тәуліктен кейін туыстары ТЖД-ға хабарласып, іздестіру шараларын жүргізуін өтінген.

«Құтқарушылар 27 қаңтарда сағат 07.00-ден бастап іздестіру жұмыстарына кірісті. Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД-ның 1 қызметкері және 1 жергілікті аңшы жұмылдырылды. Сағат 11.20-дағы жағдай бойынша іздестіру нәтиже берген жоқ» делінген хабарламада.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT