Бестөбеде болған төбелестен 2 полицей зардап шекті - ІІД басшысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бестөбеде шахтерлер мен кеніш күзетшілері арасында болған төбелестен 2 полицей зардап шекті. Бұл туралы бүгін журналистермен кездескен облыстық ІІД басшысы Ержан Сәденов айтты.

Оның айтуынша, Бестөбедегі оқиға бұзақылыққа жатады.

 «Мыс Орда» күзет фирмасы мен «Қазақалтын»  ТМК» АҚ шахтерлері арасында болға төбелестен 14  адам зардап шекті. Оның 2 полицейлер. Сондай-ақ, жеке қарудан жұмысшыларға оқ атқан екі күзетші фирманың кепілімен босатылды. Қазіргі кезде, мұнда жағдай тұрақты. Аталған оқиға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» , деді Е.Сәденов.

Еске сала кетсек, 16 маусым күні кешкі 20:30 шамасында Бестөбедегі «Қазақалтын» ТМК» ЖШС шахтасында жұмыс ауысымы аяқталар сәтте кен орнының күзетшілері мен жұмысшылары қақтығыс орын алған болатын. Соның салдарынан 14 шақты адам зардап шекті. Кейін Степногор қаласының жергілікті атқарушы органдары мен прокуратураның, облыстық ІІД мен қалалық ІІБ басшылығының түсіндіру жұмыстарынан соң адамдар үйлеріне тарап, дауды шешу үшін дөңгелек үстел өткізу ұйғарылды.

«Аталған факт бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлімі 2-бөлігіне («Бұзақылық») сәйкес сотқа дейінгі жүргізілген тергеу амалдары барысында күзет фирмасының қызметкерлері қару қолданғаны анықталды. Кейін күдіктілер, яғни, аталған кен орнының екі күзетшісі уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, үстерінен ҚР ҚК 252-бабының 2-бөлімі бойынша (қару және арнайы құралдарды қолданғанда жеке күзет қызметі қызметкерлерінің өкілеттікті асыра пайдалануы) сотқа дейінгі өндірістік іс қозғалған болатын.

Соңғы жаңалықтар