Бестөбе алтын кенішінен ауыл тұрғынының денесі табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Бестөбе алтын кенішінде ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алтыналмас» АК» акционерлік қоғамының мәліметінше, аталмыш шахтаның жұмыс істемей тұрғанына бір жылдай уақыт болған.

Іші жер асты суына толған, сондай-ақ, желдету және басқа инженерлік жүйелері істен шыққан. Сондықтан шахтаға кіру адам өмірі үшін қауіпті.

Ер адамның денесі ұйықтауға арналған көрпе қаптан табылған. Оның сол Бестөбе ауылының тұрғыны екені белгілі болып отыр.

Осы ретте Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі шахтадан ер адам денесінің табылу дерегін растады.

Сонымен бірге, бұл деректің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілгенін және осыған қатысты тергеу жүріп жатқанын атап өтті.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмолада суға батқан 27 жастағы бойжеткеннің денесі үш күннен бері табылмай жатқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар